ҚР Спорт министрлігі қазақстандық спортшылардың Олимпиададағы еңбегін жоғары бағалады. Министр Токио Олимпиадасынан бері сабақ алғанын атап өтті. Парижде екі аптадан астам уақытқа созылған ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындары аяқталды. Төртжылдықтың басты спорттық жарысында Қазақстан құрамасы бір алтын, үш күміс және үш қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 43-орынға ие болды, деп жазады ҚР Спорт министрлігінің баспасөз қызметі.