Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық банкпен бірлесіп, екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарындағы қарыздар бойынша жылдық тиімді сыйақы ставканы төмендететін қаулы жобасын әзірледі. Микрокредит бойынша сомасы 45 АЕК (166 140 теңге) дейінгі және 45 күнге дейінгі күнделікті номиналды мөлшерлеменің шекті мөлшерін 1%-дан 0,3%-ға дейін төмендету ұсынылады.