Көлік полицейлері «Қазақстан темір жолы» компаниясынан дизель отынын ұрлаумен айналысып келген қылмыстық топты ұстады. Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Бас көлік прокуратурасы және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, Жетісу облысының Бескөл станциясында тепловоз машинистерінен құралған қылмыстық топты құрықтады.