Әлеуметтік желіде сотталған экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевтың абақтыдан қашып кеткені туралы ақпарат тарады. Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті желідегі жазбаға ресми жауап берді.«Әлеуметтік желілерде сотталған Қ. Бишімбаевтың қашқаны туралы жалған ақпарат таралып жатыр. Бұл шындыққа жанаспайды. Сотталған азамат қауіпсіздігі ең жоғары мекемеде жазасын өтеп жатыр», - деп таратты комитеттің баспасөз қызметі,