Көктемде Құлсары қаласынан Мақат ауданындағы Доссор кентіне дейін қатынайтын жолдың бір бөлігін тасқын су басқан еді. Кейін уақытша қалпына келтірілгенмен, жол бөлігіне орташа жөндеу жүргізу әлі басталған жоқ. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары Аслан Дүйсеновтің мәліметінше, Жыл ауданының орталығы – Құлсары қаласы мен Мақат ауданындағы Доссор кентінің аралығын жалғайтын жолдың бүлінген тұстары анықталған.