Атырау облысындағы Құлсары қаласынан Ресейге барған 120 оқушы демалысын жалғастыратын болды. Олар «Қазақстан геологі» емдеу пансионатында 4 қарашаға дейін демалады. Бұл деректі Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов растады. Оның айтуынша, Жылыой ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың 174 баласы аталған пансионатқа демалуға жіберілген.