ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының тұрмысын, өмір салтын таспаға басып, ұлттық этнографиямыздың тарихына терең үңілдіре түсетін Самуил Дудинның сирек фотосуреттері бүгінде қымбат қазынаға айналып отыр. Шетсіз-шексіз қазақ даласын асықпай аралап түсірілген мыңдаған фотосуреттер ұлтымыздың бай мәдениетін паш етеді.