Жаңа егіннің 1,8 млн тоннасы экспортқа шығарылды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның мәліметтері бойынша, қыркүйек-қазан айларында жаңа егіннің тасымалы 2,2 млн тоннадан асты, оның 1,8 млн тоннасы экспортқа шығарылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30%-ға жоғары».