ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов бірқатар қытайлық ірі компания өкілдерімен кездесу өткізді. Нұржан Нұржігітов өз кезегінде жаңа су қоймаларын салу және қолданыстағы су қоймаларын реконструкциялау, сондай-ақ Алматы мен Жетісу облыстарындағы суару жүйелерін жаңғырту жөніндегі министрліктің жоспарлары туралы айтып берді. Су ресурстары және ирригация министрі Power China компаниясының президенті Тань Сяофэнмен кездесті. Министрлік пен Power China Қазақстанның су шаруашылығы мамандарын Қытайда біліктілік арттыру курстарынан өтеді деп келісті.