Түркияның Чанаккале қаласында 14-18 тамыз аралығында өткен VIII International Troia Danse and Musik Competetion фестиваль-байқауында Казталов ауданының үлгілі «Қыз Жібек» дәстүрлі әншілер ансамблі үздік атанды. Халықаралық додаға әлемнің 20-дан астам елінен үміткерлер қатысып, бақ сынады. Бұл жолы Баян Қабиева мен оның ұлы Асылхан Болтанов жетекшілік ететін «Қыз Жібек» ансамблінің 14 оқушыдан құралған кіші тобы өнер көрсетіп, жалғыз бас жүлдеге ие болды.