Қызғалдақтың отаны – Голландия емес, Қазақстан. Көктем келе көңіл өсіретін жұпарлы гүлдің туған жері асқақ Алатаудың баурайы екені ғылыми дәлелденген. Мұны бізге сарқандық бағбан Бауыржан Бөлегенов айтып берді. Ол зайыбымен бірлесіп, 30 мыңға жуық голландиялық қызғалдақты баптап өсірген.