Қызылордада орталық қалалық емхананың балалар стоматологиясында тісін жұлдыртқан бала мүгедек болып қалған. Кәмелетке толмаған бала тісін емдеткен күні-ақ, өзін нашар сезініп, жақ сүйегі ісіне бастаған. Кейіннен облыстық көпсалалы ауруханада «Сол жақ төменгі жақтың жедел іріңді одонтогенді флегмонасы, 7,5 тісін жұлғандағы жағдайы» диагнозы қойылып, екі рет операция жасалған.