Қызылорда облысында заңсыз берілген субсидия қайтарылды. Қызылорда облысының прокуратурасы Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бюджет қаражатын пайдалану заңдылығын тексерді. Тексеріс нәтижесінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың ұлттық жобасын іске асыруға бөлінген субсидияларды негізсіз беру фактілері анықталды.