Жетісу өңірінде қант қызылшасы көп, ал оны қабылдайтын зауыттың мүмкіндігі төмен. Бұл жайт Жетісуға тағы бір қант өңдейтін өндіріс орны керек екенін айқындап тұр. Күздің басынан басталған күйбең тіршілік әлі жалғасып жатыр. Жол бойында кезегін күткен қызылша тиеген жүк көлігінің жүргізушілері күздің қара суығында берекесі кеткенін айтып отыр. Қант кәсіпорындарының бір ашылып, бір жабылуы шаруалардың уайымын үдетіп барады.