Ішкі істер министрлігі өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырып жүрген бір топ адамға қатысты пікір білдірді. WhatsApp желісінде өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырып жүрген бір топ адам үй-үйді аралап жүргені туралы хабарлама тарап жатыр. Олар алдағы халық санағы алдында барлығында жарамды жеке куәлігі бар-жоғын тексеру керек екенін алға тартады. Бұл ретте олар Ішкі істер министрлігінің рәміздері бар құжаттар мен бланкілерді ұсынады.