Алматыда өз-өзіне қол жұмсаған жасөспірімдердің телефондарынан суицидке итермелейтін ойындар табылған жоқ. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінен мәлім етті. Алматыда суицид жасаған екі жасөспірімге қатысты олардың телефондарына тексеру жүргізілгенін хабарлаймыз. Суицидке итермелейтін ойындарға қатысу фактісі анықталған жоқ. Қазіргі уақытта өшірілген жазбалар мен қосымшаларды қалпына келтіру үшін телефондарға қосымша зерттеу жүргізіліп жатыр.