ІІМ әйнектерді қараңғылау бойынша талаптарды түсіндірді. Жолда жүру қағидаларына сәйкес көлік құралдары Техникалық регламенттердің талаптарына сай болуы керек. «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінде алдыңғы көру аумағына қойылатын талаптар белгіленген. Ендеше барлық жүргізушілерге қатысы бар негізгі жәйттерді біле жүрейік.