Жалақысы миллионнан асатын қазақстандықтар енді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өзгелерден көбірек жарна құюы мүмкін. Бұған дейін 850 мың теңгеге дейін жалақы алатындар ай сайын табысының екі пайызы МӘМС-ке қалтқысыз жіберіп отырса, айлығы бұл сомадан асқандарға ереже жүрмейтін. Яғни шекті мөлшерден қанша артық алса да, сол 850 мыңның 2 пайызын ғана төлейтін.