Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығы ресми түрде Манчестерде ашылып, Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы аймақтық байланыстарды нығайту бағытында тағы бір маңызды қадам жасалды. Салтанатты іс-шарада жергілікті парламент мүшелері, саяси қайраткерлер және қазақстандық өкілдер қатысты.