Мұнайлы ауданындағы №8 жалпы білім беру орта мектебінде оқушылардың улану жағдайы бойынша жедел штабтың жұмысы жүріп жатыр. Дәрігерлер оқушылардың жағдайын толық бақылауда ұстап отыр. 7 қыркүйек күні сағат 22:00-дегі мәлімет бойынша 141 бала медициналық көмекке жүгінді. 82 бала емханада ем қабылдап жатыр. 43 бала үй жағдайында бақылауда. 16 бала ауруханада жатыр.