Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жер ресурстарын басқару комитеті жоспардан тыс тексеру кезінде, Қарақия ауданының «Коса Ада» аумағында орналасқан ауданы 3 457 гектар жер учаскесінің заңсыз берілгенін анықтады. Жер учаскесінің кадастрлық құны - 3,1 млрд теңгені құрайды.