Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Шымкент қаласы экс-әкімінің ағасы Марат Әйтеновтің денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін бұрынғы әйелі Дана Атешоваға үкім шығарды. «Д. Атешова үйден мәжбүрлеп шығару кезінде үй иесіне қарсылық көрсетіп, М. Әйтеновті үйге кіргізбей, жәбірленушіні қасақана ұялы телефонымен соғып, оны тістеп алған. Салдарынан М.Әйтенов жарақат алды. Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, сот-медициналық сараптама қорытындысымен және іс материалдарымен дәлелденді», — дейді елорда сотынан.