Қазақстанда маркетплейстер мен сатушылар қазақ тілінде қызмет көрсетуге міндеттеледі. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев айтты. Мәжілістің жалпы отырысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасын талқылау кезінде депутат Ринат Заитов қызметтерді қазақ тілінде ұсынуда проблема бар екенін және бұл мәселені тиісті заңмен реттеуді ұсынды.