«Хабар» агенттігінің басшылығы жазғы Олимпиада ойындары қарсаңында қазақ спорт жанкүйерлерін қуантып, белгілі спорт журналисі Амангелді Сейітхан марқұмның ұлы Бекасыл Сейітханға тізгін ұстатты. Бекасыл Сейітхан спорт журналисткасына бала кезден құмартқан. Алайда онысын байқатпағандықтан әкесі үйінде болашақ комментатордың өсіп келе жатқанын мүлде білмеген. Әкесі көз жұмған соң, комментатор ісін қолға алып, ізін жалғастыруға кіріскен. Жеке спорт арнасында шеберлігін шыңдап жүрген Бекасыл Сейітхан бір жылдан астам уақыт ішінде 100-ден астам эфир жүргізген. Осы Олимпиадаға іріктеу кезеңдерін де жүргізген екен.