Әскери тергеушілер полициямен бірлесіп, заңсыз көші-қонға қарсы, сондай-ақ бұрынғы мигранттардың заңды сақтауын тексеру мақсатында рейд жүргізді, деп жазады ресейлік «Коммерсанть» басылымы. Нәтижесінде жақында ғана Ресей азаматтығын алған бірнеше ондаған адамға әскери тіркеуге тұруды талап етіп, шақыру қағазы жіберілді.