Майқайыңдағы опырылып түскен кеніш түбінде алты жарым ай уақыт жатқан екі құтқарушының бірінің денесі табылды. Туыстары оның Айдос Шаймерденнің мүрдесі екенін нақтылады. А.Шаймерден – ойық астында жатқан екі азаматтың бірі болған еді. Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы Павлодар филиалында жедел алдын алу жұмыстары жөніндегі взвод командирінің орынбасары болып қызмет атқарған.