Африкадағы m-pox (маймыл шешегі) індеті салдарынан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) әлем бойынша денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайды жариялады. Бір аптаның ішінде індетті жұқтырудың 2000-нан астам жағдайы тіркеліп, вирус көрші елдерге тарай бастады. Дүниежүзі елдері, соның ішінде Қазақстан мен Қытай вирустың алдын алу және оның таралуына жол бермеу үшін тиісті іс-шараларды күшейтіп жаты.