Екі рет Денсаулық сақтау министрі болған білікті трансплантолог Жақсылық Досқалиев елімізде ағза алмастыру кезегінде тұрған 4 мың науқас тек отаны көтере алатындар екенін айтты. Ал ішкі органдары емдеуге келмейтін, отаға жарамайтын жарым көңіл жандардың жалпы саны 12 мыңға жетіп жығылатынын жеткізді.