Ақсу қаласындағы мектептердің бірінде WhatsApp мессенджері арқылы өткен ата-аналар жиналысында ересектердің бірі балағат сөз айтқан. Полиция оған қатысты әкімшілік материал толтырып, сот 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салды. Ақсудағы мектептердің біріндегі 2-сынып ата-аналары WhatsApp мессенджері арқылы мектеп жиналысын өткізген. Әңгіме барысында ата-аналардың бірі балағат сөздер айтқан. Ата-аналар оның бұл әдепсіздігін ұнатпай, арыз жазған.