Жамбыл облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Қырғыз Республикасының 43 жастағы азаматшасын ұстады. Ол 2023 жылдың қараша айынан бастап Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 169-бабы 2-бөлігін бойынша, яғни ұрлық жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған.