«Менің атым Қожа» фильмінде Жанар есімді кейіпкерді сомдаған танымал актриса Күләш Қажығалиева өмірден өтті. Қайғылы хабарды Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры таратты. «ҚР Еңбек сіңірген артисі, Ерен еңбегі үшін және «Еңбек ардагері» медальдерінің иегері, театрымыздың артисі Қажығалиева Күләш Сопқанқызы өмірден өтті. Өнердің аңыз, театрымыздың абыз анасынан айырылу орны толмас үлкен қайғы. Отбасы мен туыстарына қайғыра көңіл айтамыз», делінген хабарламада.