Соңғы уақытта қоғамда некеге қатысты у-шу көбейіп кетті. Махрға қымбат көлік сұраған қалыңдықтар бір таңқалдырса, заңды некеге тұрмай, мұсылмандық жолмен 3-4 әйел алған еркектерге қатысты пікірталас тағы бар. «Біреудің жеке өмірінде шаруаң қанша?» десеңіз де, отбасының ойрандалуына, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың белең алуына, жалғызбасты аналардың көбеюіне әрі суицидтің жиілеуіне кері әсерін тигізіп жатқанын мойындауымыз қажет.