Қорғаныс министрлігі ресми мәлімдеме жасап, Ақтөбедегі тікұшақ апатынан қаза тапқан және зардап шеккендердің аты-жөндерін атады. Ақтөбе облысындағы оқу-жаттығу ұшуы кезінде болған авиациялық апат салдарынан 1988 жылы туған Әуе қорғанысы күштері әскери институты авиациялық эскадрильясының офицер-нұсқаушысы майор Батыр Қайратұлы Оразымбетов қайғылы жағдайда қаза тапты.