Ағайынды азаматтар алдын ала сөз байласып, адам өлтірген және үйінде заңсыз оқ-дәрілерді сақтап келген. Сот оларға 15 және 16 жылға бас бостандығынан айыру жазаларын тағайындады. Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ағайынды К.А. мен К.Д-ға қатысты алдын ала сөз байласу арқылы пайдакүнемдік ниетпен адам өлтіру және заңсыз оқ-дәрілерді иемдену және сақтау бойынша қылмыстық істі қарады.