Елімізде ескі лифттер жаңасына ауыстырылатын болады. Жауапты министрлік бұл жұмысты келер жылға дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Көпқабатты үйлерде тозығы жетіп қалт құлт еткен лифт көп. Адам өміріне қауіп төндіретін жеделсаты мәселесі бұдан былай шешілетін сияқты. Ол үшін арнайы тексеріс жүріп, қолдану мерзімі 25 жылдан асқан, техникалық талапқа сай келмейтін жеделсатылар түгел жаңаланбақ. Техникалық регламентті сақтап, қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін қолданыстағы жеделсатылар егжей-тегжейлі тексеріледі.