Парижде өткен ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарында күміс медаль иеленген былғары қолғап шебері Нұрбек Оралбай туған жеріне табан тіреді. 80 келі салмақта өнер көрсететін спортшы Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Айша бибі ауылының тумасы. Бокстан жалғыз финалист атанған Нұрбекті қарсы алу шарасына облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, жамбылдық спортшылар мен қала тұрғындары қатысты. Салтанатты шарада облыс әкімі Ербол Шырақпайұлы ел сенімін ақтаған Нұрбек бүгінде қазақ боксының мақтанышына айналғанын атап өтті.