Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында шоумен Нұртас Адамбайға қатысты іс қаралып жатыр. Нұртас Адамбайға ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғаны үшін айып тағылып отыр. Атап айтқанда діни ғимараттарды салу, ғимараттарды діни мақсатта қайта тағайындау, функционалдық мақсатын өзгерту бойынша Қазақстан заңнамасындағы талаптарды бұзуға қатысты.