Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, АҚШ-тағы Елшілігі және Бас консулдығы ұйымдастыруымен, Citigroup, Mastercard, Visa, Solidcore Resources және АҚШ Сауда палатасымен серіктестікте Нью-Йоркте «Kazakhstan Finance Day» форумы өтті. Іс-шара Citigroup корпорациясының Нью-Йорктің іскерлік орталығындағы штаб-пәтерінде өтіп, екі елдің қаржы-экономикалық секторынан 450-ден астам өкілді жинады. Қатысушылардың арасында Blackstone, Ashmore, JP Morgan, Cerberus, Apollo Global Management, KKR, Bloomberg секілді Уолл Стриттің ірі инвесторларын біріктірді.