Өңірлерде есігін айқара ашқан 106 жаңа мектеп 150 мың оқушыға арналған. Оның ішінде 90 мыңға жуық оқушы 33 жайлы мектепте білім алып жатыр. Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылдың соңына дейін заманауи форматтағы 217 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр. 18 мектеп сыбайлас жемқорлықтан түскен қаражат есебінен білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының желісі бойынша ашылған,