Елордада Республикалық тарих олимпидасының ақтық мәресі өтіп жатыр. Ziyatker жастар ұйымы ұйымдастырған білімділер байқауында топ жарғандар 2025 жылы Лондонда өтетін Халықаралық тарих олимпиадасына қатысады. Республикалық олипиадаға еліміздің барлық өңірінен 8-12 сыныптың 1 000-нан астам оқушысы қатысқан болатын. Екі кезеңнен кейін үздік 30 оқушы ақтық сынға шығып отыр. Іс-шара ұйымдастырушыларының айтуынша, білім сайысы тарихқа әуес таланатты оқушыларды қолдау, сонымен қатар халықаралық олимпиадаға қатысатын Қазақстан құрама командасын жасақтау үшін өткізіліп жатыр.