Оқу-ағарту министрлігі Жоғарғы соттың оқушының мектепте орамал тағуына салынған тыйымның күшін жойған шешіміне түсінік берді. Қазақстандық заңгер оқушы қыздың орамал таққаны үшін мектеп қабырғасында білім алуына шектеу қою мәселесін көтеріп, Жоғарғы сотқа жүгінген. Ал Жоғарғы сот оқушының мектепке орамал тағуына салынған тыйымның күшін жою жөнінде шешім қабылдады.