Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің Жарлығына сәйкес азаматтарға берілген мемлекеттік наградаларды табыс етті. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін қоғам қайраткерлері мен мемлекеттік қызметшілер марапатталды.