Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ел азаматтары Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істей алатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, қазан айында Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяның Еңбек министрлігімен келіссөздер жүргізген.