Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің салынуына және Республика күніне орай салтанатты шаралар өтті. Өңір тұрғындарын құттықтаған облыс әкімі Ермек Көшербаев көпірдің Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен салынғанын ерекше атап өтті.