Өскемен қаласындағы дәмхана алдына мүрде кейпіндегі муляжды іліп қойған кәсіпкерге айыппұл салынды. Әлеуметтік желіде Өскемен қаласындағы дәмханалардың бірінің алдында мүрде кейпіндегі муляж ілініп тұрған фотосурет тарап кетті. Белгілі болғандай, оны дәмхана иесі Хэллоуин алдында әдейі іліп қойған.