Өскемендегі салондардың бірінде блефаропластика жасатпақ болған әйел ажал құшты. Сот таратқан ақпаратқа сәйкес сотталушы клиенттердің біріне блефаропластика (адамның қабағынан артық теріні алып тастау үшін жасалатын операция) жасау кезінде көмекші болуға келіскен. Отадан кейін клиенттің беті ісіне бастаған, кейін косметолог көмекшісіне дәрі егуді өтінген.