Өскемен қаласында ауа сапасының бұзылуына себеп болып тұрған қолайсыз метеорологиялық жағдай қараша айының соңына дейін созылады. ШҚО экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қалада ертең де қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі. Сондықтан халыққа әлі де далаға көп шықпауға кеңес берілді.