Қазір баспалар да, балама оқулықтар да самсап тұр. Солардың арасынан оқытуға оңай, көңілге қонымдысын таңдау ұстаздарға қиындық тудырып отыр. Сондықтан тәуелсіз сарапшылар отандық оқулықтардың мазмұнын қарауға кіріскен. Сарапшының сөзінше, «іздегенге табылған» дегендей, әлеуметтік желілердің бірінен Алматы қаласында бастауыш және мектепке дейінгі білім беретін мемлекеттік және жекеменшік нысандардың басшылары мен әдіскерлеріне арналған «Білім берудегі оқу-әдістемелік кешендерге енген жаңа өзгерістер мен толықтырулармен таныстыру» іс-шарасының жоспарланғаны жөніндегі хабарлама көзге түскен.