Астанада өткен аптада ЖРВИ ауруының 7 мыңнан астам жағдайы анықталды. Осы орайда қаланың мемлекеттік санитарлық дәрігері Айгүл Шағалтаева Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елордада жіті респираторлық вирустық инфекциялар және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат ұсынды.