ҚР Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті азаматтармен жедел өзара іс-қимыл жасауға арналған онлайн қабылдау бөлімін іске қосты. «Жаңа сервис бейіндік мәселелерді талқылау және туындайтын проблемаларды шешу үшін Комитетпен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті министрліктен.